Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
Теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында күрделі жөндеуден өткен Орал теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, сала қызметкерлері мен ардагерлері, өңір тұрғындары мен қонақтары қатысты. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
